« + » - қызметіне рұқсат етілген;
«✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» - қызметіне тыйым салынған;
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 19 қаулысына
2-қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің («Ashyq» жобасынан тыс)
жұмысын шектеу өлшемшарттары
| № | Объектілер / салалар | Жұмыс режимі |
| 1. | Өнеркәсіп | + |
| 2. | Құрылыс | + |
| 3. | Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | + |
| 4. | Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т.б.). | + |
| 5. | Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) | + |
| 6. | Гүл дүкендері, фотосалондар | + |
| 7. | Медициналық ұйымдар, дәріханалар | + |
| 8. | Музейлер, кітапханалар | + |
| 9. | Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары | ✓ топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша |
| 10. | Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер | + |
| 11. | Азық-түлік емес дүкендер | + |
| 12. | Супермаркеттер, гипермаркеттер | + |
| 13. | Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар). | + |
| 14. | Демалыс үйлері / базалары, туристік базалар | сенбі, жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын |
| 15. | Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология | ✓ алдын ала жазылу бойынша |
| 16. | Қоғамдық көлік | ✓ қарбалас уақытта дезинфекциялық іс-шараларды күшейте отырып, автобустар санын көбейту, отыратын орындар саны бойынша 50% толтырумен, уақыт бойынша 06.00-23.00-ге дейін шектеумен, жексенбі күні жұмысы. тоқтатылсын |
| 17. | Банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері | уақыт бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен (жексенбі күні жұмысы тоқтатылсын) |
| 18. | Мектепке дейінгі мекемелер | кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде |
| 19. | Ұйымдар, офистер*(ескерту) | 80 % - қашықтықтан, 20 % - күндізгі режим |
| 20. | Діни объектілер | ✓ маска кию режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебімен алаң бөлінген жағдайда мешіттер, православ шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ашық ауада ұжымдық діни іс-шаралар (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиялық дұғалар және басқалар) өткізуге рұқсат етіледі |
| 21. | Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр / ларек / отыратын орны жоқ дүңгіршек) | уақыт бойынша сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін |
| 22. | Ашық ауадағы аттракциондар | уақыт бойынша сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін |
| 23. | Түнгі және ойын клубтары | - |
* - Ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
«+» - қызметке рұқсат етілген;
«✓» - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;
«-» - қызметке тыйым салынған».
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 19 қаулысына
3-қосымша
Егілмеген қызметкерлері ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өтуі тиіс объектілер тізімі
- қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары / орталықтары / кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендерінің, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өнеркәсіп орындары, өзге де объектілер);
- халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің;
- мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары);
- халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар);
- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар / автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің;
- білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың;
- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері / базалары / аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
- қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың;
- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары);
- денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың;
- дәріхана ұйымдарының;
- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың;
- демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары / саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер / нүктелер және басқалар);
- байланыс және телекоммуникация объектілерінің.